Зерттеу барысында 20-дан астам дәріхана қамтылып, олардың шамамен 25 пайызға жуығына лосьон берген.
Комитеттің хабарлауынша, дәрі-дәрмек өндіруде GDP сертификаттары енгізіліп, сапа бақылауы күшейтірілген кезеңде кейбір спирт өндірушілер лицензия алмай спирт орнына лосьон өндіруді бастаған. Бұл туралы толық ақпараттың болмауы тұтынушылардың жаңылысуына әкелді.
70 пайыз медициналық спирт денсаулық сақтау саласында, соның ішінде инъекциялар алдында теріні дайындауда, құрал-жабдықтарды зарарсыздандыруда, жараларды емдеуде және хирургиялық ем-шараларда қолданылады. Ал лосьон құрамында спирті аз косметикалық өнім болып, негізінен теріні тазалау, артық майлануды азайтуға және косметикалық қалдықтарды кетіруге арналған.
Сарапшылардың пікірінше, спирттің орнына лосьон ұсыну күтілетін медициналық әсерді бермеуі және тұтынушылардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Бәсекелестік комитеті осы жағдайларды тұтынушыларға дұрыс емес ақпарат беруге және оларға зиян келтіруге әкеп соқтыратын заң бұзушылықтың белгісі деп санайды. Бұл жағдайларда, сондай-ақ Фармацевтикалық өнімдері қауіпсіздігі орталықтарына тиісті хат жібергені айтылды.
Комитет дәріханаларды тұтынушыларға дұрыс және түсінікті ақпарат бермеу қазіргі заң талаптарын бұзу болып табылатынын ескертті.