Италия Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді

    Билік 9 Noyabr 2023 3995

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла 9-11 қарашада Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

    Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

    Күн тәртібінде Өзбекстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту және басым бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері орын алған.

    Өзбекстан Президентінің осы жылдың маусым айында Италияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.

    Халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

    Саммит соңында бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

    Сондай-ақ, Президент Серджио Маттарелла Самарқанд және Хиуа қалаларын аралап, Өзбекстанның мәдени-тарихи мұрасымен танысады.