Халықаралық валюта қоры Өзбекстанның жалпы ішкі өнімінің өсу болжамын жақсартты

    Дүниежүзілік банктің есеп-хисабына орай, Өзбекстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2023 жылы 5,5 пайызға жақындады.

    Халықаралық валюта қорының октябрь айындағы әлемдік экономиканың даму болашағы туралы есебінде Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі 5,5 пайызға өседі деп болжаған.

    Апрель айында ХВҚ 5,3 пайызға өсуді болжаған болатын. 2024 жылы ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжамы 5,5 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

    2023 жылы экономикалық өсу қарқыны бойынша Өзбекстан, Қазақстан (4,6 пайыз), Қырғызстан (3,4 пайыз) Түркіменстаннан (2,5 пайыз) алында, бірақ Тәжікстаннан (6,5 пайыз) артта қалды.

    Өзбекстанның ағымдағы төлем балансы 2023 жылда 2022 жылдағы -0,8 пайызбен салыстырғанда -4,3 пайызды құрайды. 2024 жылы бұл көрсеткіш -4,6 пайызға дейін өседі.

    ХВҚ сондай-ақ, Өзбекстанда инфляция 2022 жылдағы 11,4 пайыздан 2023 жылы 10,2 пайызға, 2024 жылы 10 пайызға дейін төмендейді деп болжап отыр.

    Бұған дейін Еуропа тіктелу және даму банкі Өзбекстан экономикасы 2023—2024 жылдары 6,5 пайызға өседі деп болжаған болатын. Банк өзінің аймақтық есебінде сыртқы байланыстың салыстырмалы түрде әлсіреуіне қарамастан, Өзбекстан экономикасына Ресейдің Украинаға қарсы соғыстың одан әрі шиеленісуі және ақша аударымдарының азаюы қиындықтар туғызуы мүмкін екенін атап өткен.

    Дүниежүзілік банктің есептеулері бойынша Өзбекстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2023 жылы 5,5 пайызға өседі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates