«Оңтүстік Корея — Өзбекстан» парламенттік достық қауымдастығында екіжақты ынтымақтастықтың болашақтары талқыланды

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев басшылығындағы делегация Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясы «Оңтүстік Корея-Өзбекстан» парламенттік достық қауымдастығының төрағасы Пак Кванг Онмен кездесті.

    Сұхбатта Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ерекше стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары жан-жақты дамып келе жатқаны, түрлі деңгейлерде, сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастық бағытында да тиімді саяси диолог пен байланыстар белсенді түрде жалғасып жатқаны ризашылықпен атап өтілді.

    Өзбекстан-Оңтүстік Корея қарым-қатынастарын нығайтуда парламентаралық достық топтары маңызды орын иелейді. Мемлекет басқаруын реформалау, азаматтық қоғам, гендерлік мәселелер, білім беру және аумақтарды дамытуға қатысты заң шығармашылығы мәселелерінде тәжірибе алмасуда алталмыш топтардың орны зор.

    Өткен жылдың июнь айында парламентаралық достық топтардың кезектегі жиналысы онлайн форматында өтті. Диалог барысында достық топтардың кезектегі жиналысын ағымдағы жылдың август айында Ташкент қаласында өткізуге келісілді. Бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетудің жаңа институционалдық механизмдерін енгізу бастамасы да қолдап-қуатталды.

    Сұхбат барысында Оңтүстік Корея өкілдеріне Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар, атап айтқанда, адам құқықтары, әлеуметтік мемлекет, жастар мәселелері бойынша енгізуге ұсынылған өзгерістер мен қосымшалар туралы толыққанды ақпарат берілді.

    “Оңтүстік Корея-Өзбекстан” парламенттік достық қауымдастығының төрағасы Өзбекстандағы конституциялық реформаларды қолдап-қуаттады.

    «Негізгі заңға ұсынылып отырған түзетулерде «Өзбекстан — әлеуметтік мемлекет» қағидатын жүзеге асырудың конституциялық нормасын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылағаны Өзбекстанда «адам-қоғам-мемлекет» қағидаттарының іс жүзінде өз көрінісін табуында құқықтық негіз болады’, — деді Пак Кванг Он.

    Тараптар сындарлы және практикалық рухтағы диалогтарды дәйекті түрде жалғастыруға, екіжақты байланысты дамытуда маңызды фактор болған парламентаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ достық топтары арасындағы байланысты одан әрі кеңейтуге келісті.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.