Еліміздің Сеулдегі елшілігі мен Өзбекстанның «Отандастар» қоғамдық қорының бастамасымен өткен бұл турнир екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 31 жыл толуына арналған.
Турнир «Жаңа Өзбекстанда ел ғазиз, адам ғазиз» деген ұранмен ұйымдастырылды.
Жарыста осы елде уақытша тұрып жатқан және түрлі ұйымдарда қызмет ететін отандастар, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан өзбекстандық студенттер қатысты.
Жерлестер ұйымдастырған 8 команда жеңіс үшін жасыл алаңға шықты.
Қызу өкен финал басқышында «Cheongju IC» командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Қатысушылар мұндай іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру шетелде тұратын қандастар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі рөлімен ғана емес, отандастардың бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына көпір болғаны үшін үлкен маңызға ие екенін айтты, деп хабарлайды «Дунё» АА.