Оңтүстік Кореяның Пучон университетінің ректорымен IT-білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

    Білім 26 May 2022 2847

    Оңтүстік Кореяның Пучон университетінің ректорымен IT-білім беруді дамыту және осы университеттің жаңа ақпараттық технологиялар факультетін ашу мәселелері талқыланды.

    Бүгін, 26 майда Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Оңтүстік Кореяның Пучон университетінің ректоры Хан Жонг Сокпен кездесті.

    Кездесу барысында білім беру және АКТ саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір алысылды.

    Сондай-ақ ,Ташкент қаласындағы Пучон университетінің қызметін одан әрі кеңейту және дамыту, университетте жаңа ақпараттық технологиялар факультетін ашу мәселелері де талқыланды.

    Бұл ретте АКТ министрлігімен ынтымақтастық жасап, білім сапасын арттыруға, кәсіпорындар, ұйымдар мен университет арасындағы серіктестік байланыстарды жаңа деңгейге шығару мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

    Сондай-ақ ІТ-кадрларды даярлауға кореялық мамандарды тарту, Өзбекстанда IT-аутсорсинг бағытын дамыту мәселелері де қаралды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates