Оңтүстік Суданның азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде «Ceссна» типіндегі жолаушылар ұшағы Жуба маңында апатқа ұшырағаны айтылған.

Мәлімдемеде ұшақ бортында болған 13 жолаушы ме ұшқыштың қаза тапқаны айтылған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат көру мүмкіндігін нашарлатқан қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Борттағы жолаушылардың екеуі Кения азаматтары, қалғандары Оңтүстік Судан азаматтары болған.

Оқиға орнына тергеу және құтқару топтары жіберілді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнелерде ұшақ қалдықтарының жалын ішінде қалғаны көрсетілген. Бейнелерде таулы және тұманды аймақтар көрінеді, деп хабарлады aa.com.tr.