« Жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне қосымша және өзгерістер енгізу туралы» Заңы (УРҚ-1033-санды, 20.02.2025 ж.) қабылданды.
Қылмыстық кодекске енгізілген қосымшаларға сәйкес, төмендегілер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді:
Автокөлік құралдарының және олардың тіркемелерінің (жартылай тіркемелерінің) мемлекеттік нөмірлік белгілерін немесе идентификация нөмірлерін заңсыз түрде дайындағаны, бергені немесе олардан пайдаланғаны, сол сияқты оларды қолдан жасағаны үшін;
Автокөлік құралдарының, қалалық электр көліктерінің жүргізушілерін және тракторшы-машинистерді даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ емтихандар тапсыру және куәлік беру тәртібін бұзғаны үшін;
Көлік құралын мас күйінде басқарғаны немесе тексеруден жалтарғаны үшін;
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға көлік құралын басқарғаны үшін;
Сығылған табиғи газбен, сұйытылған мұнай газымен немесе дизельдік және газ тәрізді жанылға қоспасымен жүретін көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін.
Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.