«Айыппұл алаңы» ақпараттық жүйесі әзірленеді

    Ел назарында 17 Avgust 2023 2154

    Үкімет қаулысы (358-санды, 11.08.2023 жыл) кейбір нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер мен қосымшалар енгізді

    Осыған орай, 2024 жылдың 1 январынан:

    заң құжаттарын бұзылғандығы үшін өкілетті мемлекеттік органдары алып қойған көлік құралдарын сақтау қызметін көрсететін заңды тұлғалар Қоғамдық қауіпсіздік департаменті Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ашық байқау негізінде таңдап алынады;

    алып қойылған көлік құралдарын тұрақ орындарына әкелуге, орналастыруға, сақтауға, есепке алуға және шығаруға рұқсат беру «Айыппұл алаңы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады;

    көлік құралдарын тұрақ орындарына әкелу (тасымалдау) және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлемақының шектеулі мөлшерлерін жергілікті әкімдіктер айқындайды.

    «Айыппұл алаңы» ақпараттық жүйесі арқылы, сонымен қатар:

    ұсталған, тұраққа қойылған және шығаруға рұқсат етілген көлік құралдарының тізімі жүргізіледі;

    көліктерді тұрақ орындарынан алып шығу үшін барлық төлемдер (айыппұл алаңы және құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдар) электронды түрде жүзеге асырылады.

    Бұл ақпараттық жүйе 2023 жылдың 1 ноябріне дейін әзірленеді.

    Сондай-ақ, 2023 жылғы 1декабрьге ЖҚҚҚ-нің бірыңғай ақпарат жүйесі алып қойылған көлік құралдарын сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлғаларды ашық байқаулар негізінде электронды түрде таңдап алу мүмкіндігін жасау мақсатында жетілдірілетін болады.

    Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 3 ай өткен соң күшіне енеді.