Енді жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты шығарылған шешім және хабарламалар бойынша өз қарсылығыңызды артықша әуресіз және құжаттарсыз онлайн түрде білдіруіңізге болады.
Қалай жасауға болады дейсіз бе?
- my.gov.uz порталына кіресіз (немесе мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз)
— «Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына байланысты шығарылған шешімге және жіберілетін хабарламаларға қатысты өтініш жіберу» қызметін табасыз;
өз қарсылығыңызды негіздейтін мәліметті енгізіп, жіберу түймесін басыңыз.
Аталған қызмет қазірше сынақ ретінде жұмыс істейді, ал 1 сентябрьден толықтай іске қосылады.