«Жастар дәптері» жастарға мүмкіндіктер ашуда

    Болашақ ұрпақ 13 Avgust 2021 456

    Адамзат әрдайым арман-ниетпен жасайды. Әсіресе, білегінде күш-қайраты, жігері қайнап тұрған жастық кезінде арман-ниеттің шегі болмайды. Бірақ мұндай ұмтылу мен қалаулар өз-өзінен болуы өте қиын. Мұның үшін жастарды қолдап-қуаттау, оларды игі-мақсаттарға жігерлендіру қажет.

    Елімізде Президентіміз бастамасымен жүргізіліп жатқан «Жастар дәптері» міне осы мақсатқа қызмет еткенімен маңызды. Бұл мүмкіндікті тиянақты пайдаланып жүрген жастарымыз үлкен жетістікке қол жеткізуде.

    Бұхаралық жас кәсіпкер Мохинур Субхоновада осындай замандастарымыздың бірі.

    Мохинур бұдан 12 жыл бұрын орта мектепті бітіріп, тігінші әйелге шәкірт түсіп, кәсіп-өнерді үйренген. Көп өтпей өзі де тігін цехын ашып жұмыс жүргізген. Бірақ кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін мүмкіндік пен ынталандыру болмағандықтан жұмысын әрі қарай жалғастыра алмаған болатын. «Жастар дәптері» арқылы жастардың кәсіпкерлікті жолға қоюына несие беріліп жатқанын естіген соң, екіленбей махалла азаматтар жиынына өтініш жасады. Махаллада оны жылы қарсы алып, жұмысын жолға қоюға бар мүмкіндікті жасап берді.

    —Банктен несие алып, жұмыс бастағаныма әлі көп уақыт болған жоқ. Қазірде жұмысымды толық жолға қойып, 3 құрбымды жұмыспен қамтамасыз еттім, — дейді М.Субхонова. — Тігіншілік цехында негізінен той киімдерін тігеміз. Қазірде жастарымызға ұлттық үлгіде атлас, адрас маталардан тігілген киімдерге қызығу артуда. Түрлі ұлттық көрмелерге және мәдени шараларға қатысып, ұлттық киімдердің тарихын үйренудемін. Мақсатым — кәсіпкерлік қызметім арқылы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтар мен дәстүрлеріміздің жалғасуына өз үлесімді қосу.

    Осындай игі-мақсатпен ізденген жас кәсіпкер қазірде бизнес жоспарын кеңейтуге әрекет етуде. Осы мақсатта дизайн бағытында арнайы куста оқып, алған білім мен тәжірибесін жастарға да үйрету ниетінде. Болашақта банктен несие алып, кәсіпкер қызметін одан әрі кеңейтуді, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлауда.

    Еліміздің басқа аумақтары сияқты Бұхара облсында да осындай ізденуші, бастамашыл жастарды қолдап-қуаттауға, олардың игі-мақсаттарын жүзеге шығаруға, жұмысбастылықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта облыста аптаның сенбі күні — жастар жұмысбастылығы, жұма — олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырумен шұғылданатын күн деп белгіленген.

    Бүгінде жастармен жұмыс жүргізудің жаңаша жүйесін енгізу бойынша ұйымдастырылған облыс штабында бұрынғыдан да жұмыс қызу. Бұл жерде облыстағы түрлі мекеме-ұйымдардан құралған мамандар «Жастар дәптері» аясындағы істерді тұрақты мониторинг жасап, анықталған ділгірліктер мен кемшіліктердің дер кезінде шешімін табу шараларын қарастырады. Сонымен қатар «Жастар дәптері» аясында жүзеге асырылған істерге үздіксіз талдау жасалады.

    — Жастарды кәсіпкерлікке жұмылдыру, жер бөлу, базарда сұранысы жоғары кәсіпке оқыту, тәртіпті әрі қауіпсіз миграция жүйесін жолға қою, "1+1" жобасы аясында қолөнершілер мен кәсіпкерлерге жастарды біріктірудің нәтижесінде «Жастар дәптеріне» енгізілген қыз-жігіттердің 90 пайызы бүгінде дәптерден шықты — дейді Жастар істері агенттігі Бұхара облыстық басқармасының маманы Дастан Низомов. — Қазірде 4 мыңға жуық жас кәсіпкерлікті жолға қою үшін жеңілдетілген несие алды. Нәтижеде олар құрдастарымен жұмысбастылықты қамтамасыз етуге де көмектесуде.

    —Кәсіпкер болуды бала кезімнен арман ететінмін, — дейді вобкенттік Сара Ибрахимова. — Бірақ бұл арманым орындалатынына көзім жетпейтін. Себебі, ондай жұмыс бастау үшін үлкен қаржы қажет еді. Біздің жанұямызда ондай мүмкіндік жоқ болатын. «Жастар дәптерінің» жүргізілуін, жұмыссыз жүрген көптеген құрбыларымның пайдаланып кәсіпкерге айналғанын көріп, арманым орындалатынына сендім. Махалламызға өтініш жасадым, маған барлық мүмкіндікті жасап берді. Қазірде 30 миллион сум несие алып құс өсіруді жолға қойдым. Өнімдеріміз жақын айналадағы сауда орындарында сатылуда. Әрі жанұяма, әрі халқымызға пайдам тигеніне өте қуаныштымын.

    «Жастар дәптері» жастар үшін кең мүмкіндіктер есігін ашуда. Оны тиімді пайдаланған жастар жанұясына әрі қоғамға пайдасы тиетін шебер кәсіпкер мен іскерге, қоғамдағы реформалардың белсенді күшіне айналуда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates