Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Өзбекстанның белсенді бастамасын жоғары бағалады

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев басшылығындағы делегация Швейцарияның Женева қаласында іссапармен жүр. Сапардың күн тәртібінде халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

    Атап айтқанда, 2023 жылғы 14 мартында Премьер-Министрдің орынбасары Ж.Ходжаев Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Нгози Оконжо-Ивеаламен келіссөздер жүргізді.

    Кездесу кезінде Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу үдерісін жеделдету мәселелері, соның ішінде ағымдағы жылдың 14-15 март күндері Жұмысшы топтың 6-жиналысын өткізу мүмкіндігі талқыланды. Еліміздің Ұйымға мүше болуын жеделдету мақсатында ДСҰ-ға мүше барлық елдермен тауарлар мен қызметтер базарына шығу бойынша екіжақты келіссөздерді жандандыру және олардың қорытындылары бойынша тиісті хаттамаларға қол қою қажет екендігі айтылды.

    ДСҰ Бас директоры Өзбекстан үкіметінің ДСҰ-ға мүше болу үдерісі аясындағы іс-әрекеттерді, сонымен қатарң ірі мүше мемлекеттермен екіжақты келіссөздер жүргізіп жатқанын құптады. Оның айтуынша, Өзбекстанның белсенді бастамасының арқасында Ұйыммен ынтымақтастық оң динамикаға ие болды.

    Қазір Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу бойынша Жұмысшы топтың 6-жиналысы өтіп жатыр. 2 күн жалғасатын аталмыш жиналыста республиканың сауда режимінің барлық жақтарына қатысты 10-нан астам жаңа құжаттар қаралады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі .

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates