JICA-мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

    2022 жылғы 22 декабрінде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Токиоға сапары барысында алғашқы кездесуді Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) вице-президенті Жуничи Ямадамен өткізді.

    Келіссөздер барысында Өзбекстан мен JICA арасындағы «Өркендеу үшін ресми көмек» бағдарламасы аясындағы өзара ынтымақтастықтың оң қарқыны ризашылықпен атап өтілді.

    1993-2021 жылдар аралығында атамыш құрылымның демеушілігімен елімізде жеңілдетілген несиелер шеңберінде 1,5 миллиард доллар, грант және техникалық көмек бағдарламасы бойынша 232,2 миллион долларлық жобалар жүзеге асырылды.

    Қазіргі уақытта жалпы құны 4,7 мллиард долларды құрайтын 13 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тараптар 700 миллион долларды құрайтын 14 жаңа жобаны әзірлеуде.

    Жуничи Ямада JICA Өзбекстанды Орталық Азиядағы басты серіктесі деп санайтынын және елде жүргізіліп жатқан кең ауқымды жаңарулар үдерісін жоғары бағалайтынын атап өтті.

    Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің вице-президенті JICA Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екеніне сенім білдірді.

    Энергетика, қалдықтарды азайту, экологиялық таза технологияларды енгізу, экспортты қолдап-қуаттау, көлік және логистика, денсаулық сақтау және білім беру салалары орта мерзімді болашаққа арналған үстем бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates