Жылтырбас көлі халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енді

    Жасыл планета 13 Fevral 2024 1498

    Қарақалпақстандағы Жылтырбас көлі халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізілді.

    Бұл туралы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов CMS COP14 баспасөз конференциясында мәлімдеді.

    «Рамсар конвенциясының хатшылығы бізге Өзбекстанның бесінші табиғи объектісі – Қарақалпақстандағы Жылтырбас көлінің халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізілгені туралы сертификат берді. Жуырда тізімге төртінші нысан – Судоче көлдері жүйесі қосылғанын ескерсек, бұл бәріміз үшін үлкен оқиға», - деді А.Абдухакимов.

    Сонымен қатар, А.Абдухакимов бесінші нысанды Рамсар тізіміне енгізу бойынша істер Экология министрлігі тарапынан 1,5 жыл бойы жүргізілгенін атап өтті. Табиғи нысанның өзі 15 жыл бойы зерделенді.

    Ақпарат ретінде, Жылтырбас көлі бұрынғы Арал теңізінің шығанағы. Теңіз деңгейі күрт төмендеген кезде, ол бөлініп шықты және табиғи көзі - Әмудария суларымен азықтанды, бұл Оңтүстік Арал теңізінің жергілікті фаунасын сақтап қалды. Соңғы жылдары фа қосымша суару каналдары қазылып, олар тек су деңгейін фаунаның өзгерістеріне әсер етпей сақтап тұрады. Көл аумақтағы Арал теңізінің құрғаған түбінде пайда болатын тұзды және шаңды дауылдарды ұстап тұратын бөгеттердің бірі саналады.

    Аралбойы жағалауында Жылтырбас халықаралық көлемде сирек кездесетін құстар үшін де, Орталық Азия шөлдерінің биоалуантүрлілігі үшін де, сондай-ақ тығыз қамыстар мен бұталар, сортаң батпақтықтар және шөлдер үшін де ұя салу және қоныс аудару кезеңдерінде үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, көл Аралбойы өңіріне тән сирек кездесетін балық түрлерінің мекені саналады.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Өзбекстанның 4 нысаны: Деңізкөл көлі (2001), Арнасой көлдері жүйесі (2008), Тодакөл және Қуйимозор су қоймалары (2020), Судоче көлдері жүйесі халықаралық маңызы бар Рамсар сулы-батпақты жерлерінің тізіміне енгізілген. Бұл аумақтардың жалпы ауданы 674,4 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates