Жызақ қаласында Қазан федералды университетінің филиалы ашылды

    Білім 10 Oktabr 2022 3411

    Татарстан Президенті Рустам Минниханов басшылығындағы делегация Жызақ қаласында іссапармен жүр.

    Филиалдың ашылу салтанаты қарсаңында Татарстан Президенті, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – энергетика министрі, Жоғары және орта арнаулы білім министрі, облыс әкімінің және аумақтағы жоғары оқу орындарының басшылары қатысуымен кездесу өтті.

    Онда соңғы жылдары жоғары білім саласындағы Ресей-Өзбекстан ынтмақтастығы, бүгінде мүлде жаңа сапа деңгейіне көтерілгені туралы айтылды.

    Осы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде ағымдағы оқу жылынан бастап Қазан федералды университетінің Жызақ филиалы есебіне тағы бір Ресейдің жоғары оқу орнының филиалы ашылғаны айтылды. Өз кезегінде, бұл екі елдің жоғары білім беру жүйесінің нәтижелі интеграциясының жарқын жемісі екенін тілге тиек етті.

    —Қазан федералды университетінің жаңа филиалы бүгінде осы маңызды міндетті шешуде көшбасшылардың біріне айналады десек, артық айтқандық емес. Үміттенемін, тірек университеттің күші ғылыми және оқу-әдістемелік әлеуеті, оның халықаралық беделі және көп жылдық академиялық дәстүрлері негіз болады деп сенемін, —деді өз сөзінде А.Ташқулов.

    Кездесу барысында қазіргі таңда Қазан федералдық университеті Өзбекстанның 32 жетекші жоғары оқу орындарымен нәтижелі ынтымақтастық орнатып жатқаны ризашылықпен атап өтілді. Олардың арасында академиялық алмасу, оқытушыларды баяндамалар жасауға шақыру, профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру, магистранттарды, докторанттарды, ғылыми қызметкерлерді қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өткізу, сонымен қатар студенттер алмасу істерін белсенді дамып жатқанына тоқталды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates