Онда “Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық құжаттарына жанды орындау өнерін одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы талқыланды.
Отырыста сенаторлар, министрлік пен кеңселердің жауапты тұлғалары, сарапшылар, сондай-ақ жергілікті Кеңестердің Жастар саясаты, мәдениет және спорт мәселелерінің комиссиялары мен Жастар парламентінің мүшелері қатысты.
Айтылғанындай, осы Заң арқылы Мәдениет министрлігінің жанды орындау өнерін дамыту, әртістерді, шығармашыл адамдар мен орындаушыларды қолдау бойынша бірқатар өкілеттіктері анықталады.
Атап айтқанда, Заң арқылы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде жанды орындау немесе фонограмманы қолдану формасы мен деңгейін нақты белгілеу, орындаушылардың фонограмма мен авторлық шығармаларды пайдалану бойынша қолданыстағы заңнаманы сақтауларын мотиторингілеу, сондай-ақ ұлттық өнер мен мәдениеттің беделін арттыруға қызмет ететін шығармашылық тұлғаларды қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылады.
Сонымен қатар фонограмманы пайдалану деңгейі туралы ақпарат беру тәртібі, концерттік-сауықтыру іс-шарасының бағдарламасында орындаушылар мен шығарма авторларының нақты көрсетілуі міндеттілігі және концерттік-сауықтыру шарасының жарнамасында фонограмманы пайдалану деңгейі туралы ақпарат жалпы жарнама алаңының (көлемінің) кемінде он пайызын құрауы туралы қосымша мен өзгерістер енгізілуде.
Сондай-ақ, концерттік-сауықтыру іс-шараларында музыкалық және өзге де шығармаларды орындауда фонограмманы пайдалану деңгейіне қарай орындаушылардың орындау тәсілдері белгіленуде.
Аталған Заңның қабылдануы концерттік-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға, жанды орындау өнерін дамытуға, дарынды орындаушыларды қолдауға, жанды орындауды ынталандырудың жаңа механизмдерін енгізуге ықпал етеді.
Отырыс соңында Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.