Журналистер шығармашылық одағына БАҚ-тың көпұлтты өкілдері қабылданды

    Ел назарында 11 Iyun 2021 1529

    Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағы елімізде түрлі тілдерде ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралдарына, оларда еңбек ететін қызметкерлерді қолдап-қуаттауға ерекше көңіл бөлуде.

    Қазақ, тәжік тілдерінде жарыққа шығатын басылымдарда қажырлы еңбек ететін дарынды, қаламы қарымды журналистерді Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағы жан-жақты қолдап-қуаттауда.

    Одақ тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан шаралардың бірі бүгін “Нұрлы жол” және “Овози тожик” газеттерінің редакцияларында өтті. Шарада көпұлтты елімізде баспасөз және сөз еркіндігін қамтамасыз ету барысындағы реформалардың, бұқаралық ақпарат құралдарын жан-жақты қолдап-қуаттау, әріптес түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасында өзара достық қатынастарын одан әрі күшейту бойынша жұмыстардың дәйекті жалғасып келе жатқаны айтылды. Шара барысында Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағы “Нұрлы жол” және “Овози тожик” газеттерінің редакциясына заманалық компьютер жинағын сыйлады.

    Дөңгелек үстел сұхбатында төраға О.Усаров куәліктің жаңа көрінісіндегі үлгісі бекітілгенін, оған қосымша төсбелгісі рәміздік мағынаға ие екенін тілге тиек етіп, “Нұрлы жол” газетінің Бас редакторы Ғұламзәкір Юсуповқа және газеттің тілшісі Жаннат Молдашеваға, сондай-ақ “Овози тожик” газетінің Бас редакторы Шерпулат Вакиловке, жауапты хатшы Аълим Нарзиевке куәлік пен төсбелгіні салтанатты түрде тапсырып, олардың Өзбекстан Журналистері шығармашылық одағына мүше болуға қабылданғанымен құттықтады.

    Арухан АҚПАНБЕТОВА,

    “Нұрлы жол” газетінің тілшісі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates