KBS телеарнасы Өзбекстанға арнап арнайы телебағдарлама дайындады

    Кореяның «Korean Broadcasting System» (KBS) ұлттық телеарнасы өкілдерінің Өзбекстанға шығармашылық сапары ұйымдастырылған.

    Мәдениет және туризм министрлігі Өзбекстанның Сеул қаласындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған миссия еліміздің туристік әлеуетін шет елдерде кеңінен насихаттау және сол арқылы елімізге келетін туристер ағынын арттыруды көздейді.

    Шығармашылық топ еліміздің тарихи қалаларында болып, «KBS» телеарнасының «Дунё бўйлаб пиёда саёҳат қилиш» телебағдарламасында көрсетілетін «Өзбекстан, Ұлы Жібек жолы бойындағы уақыт саяхаты» атты деректі фильмді түсіреді.

    Фильмде, өзбек халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, заманауи туристік инфрақұрылымы, ұлттық тағамдары мен сәулеткерлік жәдігерліктері туралы баяндалады.

    Анықтама үшін, «Дунё бўйлаб пиёда саёҳат қилиш» тележобасы, KBS арнасының ең жақсы саяхат бағдарламасы болып, Кореяның потенциалды саяхатшылары арасында ең танымал бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл телебағдарламада Өзбекстан туралы 3 үлкен материал кеңінен көрсетілді.

    Бұл жолығы бағдарламаларында да KBS арнасының «Жібек жолындағы оазис» бағдарламасында Өзбекстанның тарихи көрікті жерлері мен туризм саласындағы заманауи жетістіктерге назар аударылады.

    Шығармашылық топтың Қарақалпақстан Республикасы, Ташкент қаласы, Ферғана, Самарқант, Бұхара, Науаи облыстарында болып, осы өңірлердегі тарихи-мәдени көрікті орындарда түсірілім жұмыстарын жүргізуі жоспарланған, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates