Келесі жылы Ташкенттен Ыстықкөлге пойыз жүре бастайды

    Өзбекстан мен Қырғызстанның теміржолшылары 2025 жылдың жазында «Ташкент-Рибаче» бағыты бойынша туристік пойыздардың қатынауын жолға қоюға келісті.

    Бұл туралы «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ ақпарат қызметі хабарлады.

    Мәлімдеуінше, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер темір жол транспортыбойынша Кеңесінің 81-жиналысы аясында «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ басқарма төрағасы З.Нарзуллаев пен «Қырғыз темір жолы» мемлекеттік кәсіпорын басшысы Азамат Сакиев арасында екіжақты кездесу өтті.

    Кездесуде жүк тасымалы көлемін ұлғайту және тарифтік жеңілдіктерді қолдану мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

    Сондай-ақ екі ел арасындағы негізгі жүктер – көмірді, цементті және басқа да өнімдерді тасымалдау үшін «Теміржолкарго» АҚ жүк вагондары паркінен пайдалану мәселелері, сондай-ақ салмақ өлшеуіш қондырғыларды жөндеу мәселелері қаралды.

    Тараптар сондай-ақ 2025 жылдың жазында «Ташкент-Рибаче» бағыты бойынша туристік пойыздарды іске қосу туралы келісті.

    Сонымен қатар, Қырғызстан темір жолдары қызметкерлерін «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ орталықтарында біліктілігін арттыру мәселесі талқыланып, осы бағытта оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру келісілді.

    Сондай-ақ «Қырғызстан темір жолдары» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Азамат Сакиев «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ-ның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты қоғамның басшысы З.Нарзуллаевты және барша қызметкерлерін шын жүректен құттықтады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates