Келесі аптада Өзбекстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

    Ел назарында 21 Oktabr 2022 1602

    Үстіміздегі жылдың 22-26 октябрь күндері Өзбекстан аумағына Каспий теңізінен ылғалды ауа, кейін Еділ бойынан суық ауа массалары енеді.

    Өзбекстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызмет орталығының бас директоры Шерзод Хабибуллаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жедел гидрометеорологиялық ақпаратты жариялады.

    Хабарда айтылғандай, үстіміздегі жылдың 22-26 октябрь күндері Өзбекстан аумағына Каспий теңізінен ылғалды ауа, кейін Еділ бойынан суық ауа массалары енеді.

    22-26 октябрь күндері республикада өткінші жаңбыр жауады, 22 октябрьде Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады;

    23 октябрь республиканың кей жерлерінде, сондай-ақ Бұхара, Науаи облыстарында кешке және таңертең жаңбыр жауады. Қарақалпақстанда, Хорезм облысында жауын-шашын күтілмейді;

    24 октябрьде республиканың кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында жауын-шашын күтілмейді.

    25 октябрьде Қарақалпақстанда, Хорезм облысында жаңбыр жауады.

    26 октябрьде республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Қарақалпақстанда, Хорезм облысында жауын-шашын күтілмейді.

    23-26 октябрь аралығында тау бөктерінде және таулы аймақтарда өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде күшейеді.

    21-22 октябрь және 25 октябрь күндері солтүстік және шөлді аймақтарда, 23 октябрь және 26 октябрьде республиканың кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін, ал 26 октябрьде кей жерлерде 23-25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң көтерілуі мүмкін. Республикада ауа температурасы нормадан 8-10 градусқа төмендейді деп күтілуде.