Мемлекет басшылары жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі тереңдету және нығайту туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Сапар барысында 16 құжатқа қол қойылды, атап айтқанда:
- Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында орналасқан курорттық-демалыс объектілері туралы үкіметаралық келісім;
- Азаматтардың өзара келуі және кетуі туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
- Өзбекстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі туралы екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы хаттама;
- Құрылыс қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Еңбек, халықты жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- 2024-2030 жылдарға арналған өзара сауда көлемін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- 2024-2026 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша практикалық іс-шаралар жоспары;
- 2024-2026 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың «жол картасы»;
- 2024-2026 жылдарға арналған Ташкент пен Бішкек қалалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты мен Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық бастамалар ұлттық институты арасындағы меморандум және тағы басқалар.