«KEXIM» компаниясымен жаңа келісімдерге қол қойылды

    Өнеркәсіп 22 May 2023 1026

    «Өзбекстан мұнайы мен газы – OGU 2023» 25-мерейтой халықаралық көрмесі және Өзбекстан Республикасының 3-халықаралық энергетикалық форумы аясында «Узбекнефтгаз» АҚ мен Корея «KEXIM» компаниясының басшылығы арасында келіссөздер жүргізілді.

    Кореяның «KEXIM» компаниясы «Узбекнефтгаз» АҚ-ның ұзақ жылдық сенімді серіктестерінің бірі болып табылады. Кореяның қаржы институттары, сонымен қатар KEXIM-тің көмегімен «Узбекнефтгаз» АҚ «Uzbekistan GTL» зауыты мен Үстірт газ-химия кешенін салу сияқты мегажобаларды жүзеге асыруға қол жеткізілді.

    Кездесуде «Узбекнефтгаз» АҚ тарапынан жақын жылдары газ қорын көбейту жоспарлары туралы ақпарат берілді.

    Бұр ретте, шетел тарапы «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамының бастамаларын қолдап-қуаттайтынын және алдағы уақытта ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді.

    Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық болашақтарын одан әрі зерделеу туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.