Осы Жарлыққа сәйкес, «Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы» акционерлік қоғамы формасында қайта құрылады, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

2024 жылдың 1 мартынан бастап кәсіпкерлерге төмендегі қолдап-қуаттау шаралары ұсынылады:

- орта кәсіпкерік суъектілерінің өндірістік және қызмет көрсету жобаларына:

- жоба құнының 15 пайызы, бірақ жарғылық капиталының 20 пайызы немесе 3 миллиард сумнан астам болған мөлшерде бастаманың жарғы капиталына жылжымас мүлік нысандары, құрал жабдықтары және  көріністегі активтер түрінде үлес енгізу;

- жылжымайтын мүлік пен құрал-жабдықтың 70 пайызы, бірақ 10 миллиард сумнан аспайтын мөлшерде мүлік сатып алу мен жеті жылға дейін мерзімге қарыздарлық қалдығына Орталық банктің негізгі ставкасынан 4 пайыздық пункттен жоғары ставкада жылдық пайызды есептеу немесе бөліп-бөліп төлеу шартымен қызметтер ипотекасы негізінде бастамашылға беру;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына:

- несие (лизинг) бөлу үшін коммерциялық банктерге, микроқаржы және лизингтік ұйымдарға ұлттық және шетел валютасындағы қаржы ресурстарын орналастыру;

- коммерциялық банктері, микроқаржы және лизинг ұйымдары тарапынан ұлттық және шетелдік  валютада бөлінетін несие, лизинг, банк кепілдігі мен аккредитивтерге жалпы құны 5 миллиард сумнан аспайтын мөлшерде кепілдік ұсыну;

- Компания қаражатын пайдалану бойынша коммерциялық банктермен жасалған делдалдық келісім негізінде белгіленген лимит пен жалпы мөлшерде және шарттар аясында несиелер бойынша кепілдік (портфельдік кепілдік) ұсыну;

- 2024-2026 жылдары шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне Орталық банк негізінде ставкасында 4 пайыздық пункт жоғары және негізгі ставканың 1,75 еседен аспаған ставкада Ұлттық валютадағы 5 миллиард сумға дейiнгi бөлінген несиелер бойынша негiзгi ставканың 40 пайызға дейiнгi мөлшерде  үш жылдан көп болмаған мерзімге компенсация ұсыну.