Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеуде кімдерге жеңілдіктер беріледі?

    Төмендегі азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша зейнетақы есептеулерінің базалық мөлшері бойынша ай сайынғы өтемақы төлемдері төленетін болады.

    - 1941-1945 жылдардағы соғыс жағдайындағы мүгедектер мен оған қатысушылар, соларға теңестірілген адамдарды қоспағанда - 50 %;

    - 1941-1945 жылдардағы соғыс жағдайындағы мүгедектігі болған тұлғалар және оған қатысушыларға теңестірілген адамдар – 45%;

    - өзгенің күтімін қажет ететін жалғызбасты зейнеткерлер – 45%;

    - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері және «Слава» орденінің үш дәрежесімен марапатталған тұлғалар. Фашистік концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарының, Ленинград қаласы қамалы кезінде жұмыс істеген азаматтар, көру қабілеті бойынша I топтағы мүгедектері, Чернобиль апатында жәбірленгендер, Ядролық-полтгондары мен басқа да радиациялық-ядро нысандарында әскери борышын өтеген зейнеткерлік жастағы тұлғалар — 45 %;

    – 1941-1945 жылдардағы соғыстың еңбек майданына қатысушылар – 25%, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates