баннер
1 Apr 2025
03:55

    Президент жарлығымен 488 азаматқа рақымшылық жасалды

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында халқымызға тән ізгілік, кеңпейілділік, адамгершілік, мейірім мен кешірімділік сынды асыл құндылықтардың жарқын көрінісі ретінде «Жаза мерзімін өтеуші, жасаған ісіне шын ниетімен өкініп, түзелу жолына түскен бірқатар адамдарға рақымшылық туралы» Жарлыққа қол қойды.

    Аталған Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабы 23-тармағына негізделе отырып, жасаған қылмысына шынайы өкініп, түзеу жолына нық қадам басқан 488 азаматқа рақымшылық жасалды.

    Олардың 100-і жаза мерзімінен толық босатылса, 268-і мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, 34-інің бас бостандығынан айыру жазасы жеңілірек жазаға алмастырылды, ал 86 адамға тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды.

    Рақымшылық жасалғандар қатарында 17 шетел азаматы, 37 әйел, 37 азаматтың жасы 60-тан асқан ер адам, 167 жастар (оның ішінде 1 кәмелетке толмаған) және тыйым салынған ұйымдар қызметіне қатысқан 5 адам бар.

    Жарлықты орындау аясында рақымшылыққа іліккен азаматтарды отбасына қайтару, қоғамға бейімдеп, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамда өз орнын табуына көмек көрсету бойынша жауапты министрлік пен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech