Шавкат Мирзияев пен Сердар Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді

    Билік 21 Oktabr 2022 3709

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық бағыттар бойынша тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

    – Мыңдаған жылдар бойы өзбек пен түрікмен халықтары бір-бірімен іргелес өмір сүріп, бірін-бірі қолдап келеді, – деді Шавкат Мирзияев.

    Соңғы айларда Мемлекет басшыларының алтыншы рет бас қосуы Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы ерекше қарым-қатынастың айқын дәлелі.

    Мемлекет басшысы Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық мәслехатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің арасындағы бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықтың берік іргетасын қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті.

    Экономиканың екіжақты қарым-қатынастардың жетекші күші болып табылатыны, елдеріміздің зор әлеуетін пайдалануға көбірек күш салу қажет екені баса айтылды. Соңғы жылдары өзара сауда қарқынды дамып келеді.

    Өзбекстан-Түркіменстан Шекара маңындағы сауда аймағы іскер топтар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі кеңейту, аймақтарда жаңа жұмыс орындарын ашуға қызмет ететіні атап өтілді. Бүгін Мемлекет басшылары бұл аймақтың құрылысын бастап береді.

    Тараптар ынтымақтастық жобаларын дамытуға ерекше назар аударды. Өнеркәсіп, энергетика, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты басым салаларда жаңа жобаларды қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмысты күшейтуге келісілді.

    Көлік саласы ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшылары «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарында, соның ішінде Түркіменбашы портының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы көлік дәліздерін белсенді дамытуға келісті.

    Екі елдің су саласында жоғары деңгейде ынтымақ жасап келе жатқаны атап өтілді. Ташкентте қол қойылған Амудария туралы келісімі кең көлемде жүзеге асырылуда.

    Басым бағыттардың қатарында – өңіраралық байланыстарды одан әрі кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту. Президенттер ғылым, білім, өнер, кино және туризм салаларындағы алмасуларды жандандыру қажеттігін атап өтті.

    Келесі жылы екі елдің барлық облыстарының қатысуымен Мәдениет және кино күндері, жастар фестивалдері өтеді.

    Стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Декларацияға қол қою алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды факторы болып табылады.

    – Біздің бірлескен күш-жігеріміз достық пен тату көршілікті нығайтып, екі елдің дамуына қызмет етеді деп сенеміз, – деді Өзбекстан басшысы келіссөздер соңында.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates