Келушілерге академияның тарихы, аумағы және оқу үдерістері туралы ақпарат берілді. Екі елдің жоғары әскери оқу орындарының басшылары арасында екіжақты кездесу өтті.
Содан соң академияның мұражайы, оқу кабинеттері, Ақпараттық ресурстық орталығы, оқу үдерістері, жатақхана және әскери оқу техникасының мүмкіндіктерімен таныстырылды. Қонақтар академияның оқу үдерісін қамтамасыз ету базасын аралап көрді.
Түстен кейін делегация Шыршық жоғары танк қолбасшылық-инженерлік оқу орнында болды. Онда қонақтар оқу үдерістерімен, курсанттарға жасалған жағдаймен, сондай-ақ офицерлер дайындау басқыштарымен танысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.