Сыбайлас жемқорлықтың қара тізімі жасалады және жазалау шаралары күшейтіледі

    Ел назарында 23 Iyun 2021 1869

    Бұл жөнінде Әділет министрлігі тарапынан Президент жарлығының жобасы дайындалды және жұртшылық талқылауы үшін жариялануы күтілуде. Бұл туралы Әділет министрлігінің жауапты тұлға өзінің телеграмм каналында мәлімдеді.

    Сыбайлас жемқорлықта айыпталған тұлғалардың ашық электронды реестрі жүргізіледі;

    реестрге енгізілген тұлғаларға қатысты төмендегі шектеулер орнатылады:

    -мемлекеттік қызметке қабылданбайды;

    -мемлекеттік сыйлықтармен марапатталмайды;

    -бақылауда болған кәсіпорындар акцияларына иелік ете алмайды.

    2022 жылы 1 январьдан бастап мемлекеттік қызметші, оның зайыбы және кәмелетке толмаған перзенттерінің табыстары мәжбүрлі түрде декларация жасалады.

    Мүдделері сай келмейтін лауазымды тұлғаның әрекеттері белгіленіп, оларды жүзеге асыруға қатаң тыйым салынады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Онда:

    -сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс категориясына кіретін баптардың нақты тізімі белгіленеді;

    -мұндай қылмыстар үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан мақұрым ету жаза шаралары белгіленеді;

    -декларациялауда анықталған заңсыз байлық жинаған және мүдделер қайшылығы үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates