Күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 1,99 триллион сум бөлінеді

    Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 23 сентябрінде “Экономикалық салаларды, әлеуметтік сала нысандарын және көппәтерлі тұрғын үй қорын 2022/2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне тұрақты пайдалануға дайындауды қамтамасыз ету туралы іс-шаралар туралы» 522-санды қаулысы қабылданды.

    Құжат мыналарды қамтиды:

    - барлық аумақтарда қолжетімді бағамен азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру;

    - «Әйелдер дәптеріне», «Жастар дәптеріне» және «Темір дәптеріне» енгізілген отбасыларға көмір мен сұйытылған газды уақытылы жеткізіп беру, балаларды жылы киіммен қамтамасыз ету;

    - шалғай, жету қиын аумақтарды және табиғи апат салдарынан жолдардың бұзылуы ықтимал ауылдарға көмір мен сұйытылған газ жеткізіп беру және негізгі азық-түлік тауарларының 15-20 күнге жететін етіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің қорын жарату.

    Сонымен қатар, құжатпен электр, газ, сумен қамтамасыз ету, жылу энергиясы, көмір сұйытылған газ, тағы басқалармен қамтамасыз ету көзделген экономика салаларының, әлеуметтік саланың нысандарын және көппәтерлі тұрғын үй қорын қызғы-күзгі маусымына даярлау бойынша кешенді іс-шаралар бекітілді. Оларға сәйкес, экономика салаларын, әлеуметтік сала нысандарын және көппәтерлі тұрғын үй қорын күзгі-қысқы маусымға дайындауға, 737 шақырым жылу желілерін, 1,8 мың шақырым су құбыры желілерін, алдын алу және жөндеу жұмыстарына 1,99 триллион сум бөлінеді, ал 1,68 милллион тонна көмір қорын құру жарату жоспарлануда.

    Жауапты мекемелерге маусымға дайындық үдерісі туралы халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінің алдында есеп беру тапсырылды.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланып, 23.09.2022 жылдан бастап күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates