«Оңтүстік Корея қаржыгерлері Өзбекстанда банк ашпақ»

    Қаржы 27 Sentabr 2022 1700

    Орталық банкте «BNK Kyongnam Bank» АҚ басқарма төрағасы Чой Хонг Йонг (Корея Республикасы) бастаған делегациямен кездесу өтті.

    Кездесу барысында Орталық банк басшылығы қонақтарды еліміздің банк жүйесінің қазіргі жағдайымен таныстырды. «Өзбекстан Республикасының 2020-2025-жылдарға көзделген банк жүйесін реформалау стратегиясына» сәйкес мемлекеттік банктерді трансформациялау және жекешелендіру үдерісін белсенді жалғастырып жатқаны айтылды.

    Kyongnam Bank басшылығы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде ел экономикасындағы оң өзгерістерді атап өтті. Сондай-ақ қонақтар цифрлық банкинг қызметтеріне мамандандырылған еншілес банк ашу арқылы Корея банкінің Өзбекстанның қаржы базарына қатысуын кеңейту жоспарларымен бөлісті.

    Өз кезегінде Орталық банк өкілдері Өзбекстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес банк ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: 1970 жылы құрылған «BNK Kyongnam Bank» АҚ «BNK Financial Group INC.» қаржылық топ құрамына кіреді және Корея Республикасындағы ең ірі банктердің бірі болып саналады. 2021 жылдың 11 мартында «BNK Kyongnam Bank» Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің аккредитациясы негізінде Өзбекстанда өз өкілеттігін ашты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates