Соған орай, ұйымдар мен кәсіпорындар құрамында жалпы 19 лагерь болып, соның 13-і Бостандық ауданында, біреуі Паркент ауданында, біреуі Піскент ауданында, біреуі Ахангаран ауданында және біреуі Ангрен қаласында орналасқан.

Ағымдағы маусымда 5 ауысымда жалпы 9 мың 170 балаларды жазғы лагерьлерде сауықтыру жоспарланған.

Белгіленген талаптар бойынша балалар сауықтыру лагеріне алып баратын жолдардың, көпірлердің жағдайы, лагерьлер айналысының қоршалғаны, жөнделгені, өртке қарсы жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, жатақхана, павильон, жуыну бөлмелері, асхана және медицина бөлмесінің жихаздалуы, “Руханият-ағарту” бөлмесінің, кітапхана, сондай-ақ үйірме бөлмелерінің ұйымдастырылуы, балалар алаңы, шомылу әуіздерінің болуы да ерекше бақылауға алынған.

Бүгінде жер-жерлердеші “ўарыш”, “Жастық”, “Гүлзар”, “Нихал”, “Сижжак” сияқты 6 лагерь балаларды қабылдауға дайын. Бұдан тыс “Кимегар”, “Металлург”, “Бұлақша” және “Таң” лагерьлерінде абаттандыру және жихаздау істері жүргізілуде. “Бәйшешек”, “Болашақ”, “Жаңа ұрпақ”, “Камалак”, “Аптапжан” лагерьлерінде ағымдағы жөндеу және әрлеу, санитариялық талаптарға сәйкестендіру істері жалғасуда. Өз кезегінде “Хумо” және “Чимен” лагерьлерінде балаларды қабылдау июль айына белгіленгендіктен бұл жерде құрылыс-жөндеу істері соңына жеткізілуде.

Бүгінде “Болашақ” балалар лагерінде 100-ге жуық бала сауықтырылуда. Жоспарға сәйкес қалған лагерьлер 10 июнь күнінен кейін балаларды қабылдауды бастайды.

Ташкент облыстық әкімдігінің Ақпарат қызметі