Кездесуде АКТ саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде IT Park –тің ісін жетілдіру, АКТ саласындағы кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында «StartUp Latvia-мен» қосымша бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату туралы ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, IT Park және «StartUp Latvia» компанияларымен ынтымақтастық орнату, шетелдік сарапшыларды тарту, сондай-ақ тәжірибе алмасу және Өзбекстанның ІТ-нарығына қызығушылық танытатын латвиялық компаниялардың сапарларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.