Мақалада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың синтетикалық сұйық отын шығаратын алып кәсіпорын — «Uzbekistan GTL» кешенінің ашылу салтанатына қатысқаны айтылады.
Басылымның хабарлауынша, жобаның құны 3,42 миллиард долларға тең. Бұл жерде мұнай өнімдері мен көмірсутектерден 1 миллиард доллардан астам импорт орнын басатын өнім өндірілетіні айтылған.
«Мұндай үлкен кешен бүгінге дейін әлемнің төрт елінде – Катар, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы және Малайзияда ғана салынған», - деп жазады басылым. — Зауытта Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ, Германия, Италия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты 24 елдегі 130-ға жуық жетекші кәсіпорында шығарылған 10 мыңнан астам техника орнатылған. Технологиялық шешімдерді, жабдықтар мен үдерістерді қолдану үшін 140 халықаралық лицензиялар мен патенттер алынған. Олардың көпшілігі әлемде бірегей әрі сирек кездеседі».
Журналдың мәліметінше, зауыт жылына 3,6 миллиард текше метр табиғи газды өңдеп, 307 мың тонна авиакеросин, 724 мың тонна дизельдік отын, 437 мың тонна нафта, 53 мың тонна сұйылтылған газ өндіру қуатына ие екеніне назар аударылады. Тағы технологиялық мүмкіндіктерінің бірі сол, кешен бес режимде жұмыс істей алады. Қайсы тауарға тапсырыстар неғұрлым көп болса, сол өнімге соғұрлым бейімделіп, сол тауардың көлемі асырылады.
Мақалада Мемлекет басшысы зауыттың басқару орталығында болып, сол жерде өнім өндіру, мониторинг пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бүкіл жүйе басқаралатынын көргені туралы баяндалады.
Сондай-ақ басылым өз оқырмандарын Ташкент, Науаи, Ферғана, Бұхара облыстары мен Үстіртте тағы 5 химиялық-технологиялық кластерлердің құрылатыны туралы хабардар етеді, деп хабарлайды «Дунё» АА.
«Президент зауыт төңірегінде өндірісті сателлит негізінде дамытуды, жұмысшыларға арналған тұрғын үйлер, спорт және мәдениет нысандарын салуды тапсырды», - деді дереккөзде.
«Freecity» журналында жарияланған мақаланың соңында «Uzbekistan GTL» зауытының құрылыс жобалары мен Шортан газ-химия кешенін кеңейту Өзбекстанда жаңа өнеркәсіптік дәуірді қалыптастырудағы ең маңызды қадам» деп атап өтілді.