Сұхбат басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 30 сәуірінде Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстан басшысы мен бауырлас халқын ұлттық мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтады.
Сұхбат барысында Мемлекет басшыларының шешімдерін іске асыруға, ең алдымен, басым секторлардағы ынтымақтастық бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты үкіметтерге осы аптада Ташкент қаласында өтетін Үкіметаралық комиссия отырысы барысында бірлескен жобаларды жеделдету шараларын қабылдау тапсырылды.
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері алдағы іс-шаралар жоспарын да талқылады.