Бұрын хабарлағанымыздай, осы мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін озық халықаралық тәжірибелер негізінде жүзеге асыру үшін  «KPMG Valuation and Consulting» компаниясы Жекешелендіру бойынша кеңесші ретінде тартылған болатын.

Компанияның жекешелендіру  үдерісі аясында KPMG компаниясы, сонымен қатар оның халықаралық офистері тармағы арқылы кең ауқымды маркетинг істерін жүзеге асырды. Атап айтқанда, инвестициялық тизерлер әлеуетті инвесторларға жіберілді. Нәтижесінде 2022 жылдың 8 авгусына дейін ТМД елдерінен, Оңтүстік Азия және Еуропа елдерінен 15 халықаралық және жергілікті инвесторлардың сатып алуға қызығушылық танытқаны туралы  KPMG компаниясына өтініш келіп түскен.

Давактив агенттігі мен жекешелендіру бойынша кеңесші тарапынан түскен арыздар төмендегі өлшемдер бойынша сараланады:

  • жекешелендіру үдерісіне қатысуына тыйым салуы мүмкін әкімшілік, төрешілік немесе басқа да сот үдерістерінің жоқтығы;
  • Өзбекстан Республикасының 660-II-санды «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға  және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңға мойынсұнуы;
  • Өтініш берушінің (консорциум жағдайында консорциум мүшелерінің ешқайсысы емес) және онымен байланысты тұлғалардың ешқайсысының Еуропалық Одағы мен Америка Құрама Штаттарының, сондай-ақ ірі халықаралық қаржы институттарының ( Дүниежүзілік банк, Еуропалық тіктелу және даму банкі, Азия даму банкі) санкцияларының тізіміне енгізілмегені

KPMG компаниясынан келіп түскен арыздар жоғарыдағы өлшем талабы негізінде терең үйрену нәтижесінде 2  шағымданушының өтінімі келесі кезеңге өтпеді, қалған барлық шағымданушылар келесі кезеңге өткізілді.

Осыған орай Активті сатып алу бойнша қызығушылық танытқан (Express of interest) басқышынан нәтижелі өткен шағымданушыларға жекешелендіру үдерісінің келесі Жауапкершілікке ие болмаған ұсыныс (NBO) қабылдау басқышына қатысуға шақырылады және оларға басқыш үдерістері туралы хат (Process Letter)  жіберіледі.

Жекешелендіру үдерістеріне болашақта қатысуын растау үшін осы өтініш берушілермен Ақпараттарды жарияламау туралы келісімге (NDA) қол қою ұсынылады, содан кейін оларға халықаралық  консультант дайындаған Қонақүйді сатып алу құны бойынша индикативті міндетті емес ұсыныстарды дайындау үшін қажетті ақпаратты қамтыған  бастапқы  деректер жиынтығымен (Information Memorandum) танысуға мүмкіндік беретін виртуалды ақпараттық бөлмеге (VDR) кіру қамтамасыз етіледі. Бұл деректер жиынтығы Қонақүй шаруашылығы қызметінің сипаты, сондай-ақ тарихи және болжамды қаржылық көрсеткіштер сияқты ақпаратты қамтиды.

Сондай-ақ, қонақүйді сатып алу бағасы бойынша міндетті емес ұсыныстарды (NBO) KPMG компаниясы ағымдағы жылдың 7 октябріне дейін қабылдайды.

Давактив агенттігі  жекешелендіру үдерісіне қызығушылық танытқан және өтінім берген барлық қатысушыларға алғысын білдіреді және Активті сатып алуға қызығушылық білдіру кезеңінен сәтті өткен өтініш берушілермен болашақта сындарлы ынтымақтастықты жалғастырады.