Мәдениет саласындағы үйірмелерге жастарды тарту мәселелері талқыланды

    Мәдениет 24 Fevral 2024 409

    Ағымдағы жылдың 23 февралында Сенат жанындағы Жастар парламентінің бастамасымен Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетімен бірлесіп «Мәдениет саласындағы үйірмелерге жастарды тартудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.

    Оған сенаторлар, Жастар парламентінің мүшелері, Мәдениет министрлігінің республикалық және аумақтық құрылымдардың жауаптылары, тиісті министрліктер мен кеңселер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстел сұхбатында мәдениет саласында жұмыс істеп жатқан үйірмелердің жағдайын саралап, осы бағыттағы өзекті мәселелер мен кемшіліктерді анықтап, оларға жастарды тарту мақсатында ұйымдастырылды.

    Онда бұдан бірнеше ай бұрын Жастар Парламентінің мүшелері аумақтарда мәдениет саласындағы үйірмелердің қызметін зерделенгеніне тоқталды және зерделеу нәтижелері туралы қысқаша мәлімет берді.

    Атап өткендей, Мәдениет министрлігі жүйесінде 837 мәдениет орталығы жұмыс істейді. Оларда 4 мыңға жуық үйірме мен 270 курс ұйымдастырылған, 44 мың жас үйрімеге тартылған, оларда 2 977 үйірме басшысы жұмыс істейді.

    Сондай-ақ, «Мектеп мәдениет орталығы» жобасы аясында (мәдениет орталықтардың шығармашылық ұжымымен бірлесіп) жалпы орта білім беретін мектептерде 1377 үйірме ұйымдастырылды.

    Шарада Балалар музыка және өнер мектептерінің қызметіне де баса назар аударылды. Атап өткендей, бүгінде республикада 325 балалар музыка және өнер мектебі жұмыс істейді. Оларда 14 бағыт бойынша білім беру қолға алынып, 90 мың бала қамтылған. Музыка мектептерінде 13 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

    Дөңгелек үстел сұхбатындағы пікірталас пен сұрақ-жауаптар нәтижесінде мәдениет саласындағы үйірмелер қызметінде назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелердің әлі де сақталып отырғаны айтылды.

    Атап айтқанда, республикадағы 444 мәдениет орталығының ғимараты, яғни 53 пайызы жөндеуді және 165-іне жаңа ғимарат салуды қажет ететіні айтылды.

    Мәдениет орталықтарының ғимараттарында қажетті жағдайдың болмауына және материалдық-техникалық базаның ескіргендігіне байланысты оларға балалар мен жастарды тарту көрсеткіші төмен күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, орталықтарда ұйымдастырылған үйірмелер мен курстарға 6-17 жасқа дейінгі балалардың 0,7 пайызы ғана қамтылған. Музыка мектептерінде бұл тұрғыда қамту 1,2 пайызды құрайды.

    «Мәдени қызмет және мәдени ұйымдар туралы» Заңда мәдениет «Сөйлеу мәдениеті» курстарын ұйымдастыру Мәдени орталықтардың негізгі міндеті ретінде көрсетілген. Бірақ Науаи, Сұрхандария және Ташкент облыстарында мұндай курстар ашылмаған.

    Мәдениет ошақтарындағы 2977 үйірме жетекшісінің 593-і, яғни 20 пайызы ғана жоғары білімді, 1756-сы, яғни 59 пайызы орта арнаулы білімі бар қызметкерлер.

    Музыка мектептерінде 13 мың мұғалімнің 5,6 мыңы, яғни 42,5 пайызы жоғары мәліметті, қалғандары орта арнаулы білімі бар.

    Өңірлердегі жастар арасында үйірмелерге деген қызығушылықтарын анықтау және сараптау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүйелі түрде жүргізілмейтіні сынға алынды.

    Сондай-ақ, 13 музыка мектебінде музыкалық аспаптардың тапшылығы, атап айтқанда, мектептерді дора, ғижжак, най сияқты аспаптармен қамтамасыз етуде мәселелері бар екені айтылды.

    Сонымен қатар, талқылау барысында мәденет орталықтарын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ұйымдастырға да назар аударылды. Атап айтқанда, Үкіметтің тиісті қаулысымен мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде берілетін мемлекеттік меншіктегі нысандардың тізімі бекітіліп, онда серіктестікке берілетін 139 мәдениет орталығының тізімі енгізілген. Алайда 2022–2023 жылдары орталықтың тек 23-і (16,5 пайыз) жеке серіктестікке берілген.

    Сенаторлар бұл бағыттағы жекеменшік серіктестік негізінде жұмысты ұйымдастыру сапалы үйірмелердің жұмысын жолға қоюға қызмет ететінін айтты.

    Дөңгелек үстел соңында жоғарыда айтылған мәселелер мен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates