Махалла ақсақалдарын сайлау аяқталды

    Сайлау 8 Iyun 2022 2121

    Үстіміздегі жылдың 7 июнінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

    Сенаттың Төрайымы Т.Нарбаева басқарған аталмыш мәжілісте май айында республикада өткізілген азаматтар жиныны төрағасы (ақсақалы) сайлауының нәтижелері талқыланды.

    Сенат Кеңесінің 2022 жылғы 15 марттағы қаулысына сәйкес 9 349 махаллада қоғам өкілдерінің қатысуымен сайлау өткені атап өтілді.

    Сайлауға ұсынылған 26 910 кандидаттың арасынан азаматтар тарапынан 9 349 махалла төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

    Аталмыш сайлау заң талабы негізінде сенаторлар, жергілікті Кеңестер депутаттары мен азамат өкілдерінің қатысуымен ашық, жариялылық және әділ өткені айтылды.

    Қазіргі таңда заман өзгеріп, адамдардың дүниетанымы, пікірлеу және талабы жаңаша . Сондықтан махаллаларда да жұмысты ұйымдастыруда заманалық көзқарас қажет.

    Өз кезегінде Мемлекет басшысының барлық реформалар мен өзгерістердің нәтижелерін махалла тұрғындары өз өмірлерінде сезінуі қажеттігін атап өткені бекер емес. Осы факторларды ескере отырып, махалла төрағалығына үміткерлерге жоғары талаптар қойылды.

    Нәтижесінде сайланған махалла төрағаларының шамамен 95 пайызы жоғары білімді болды, ал 6272 адам алғаш рет осы лауазымға сайланды. Ең қуаныштысы, олардың арасында әйелдер саны да артып, 1104-ке жеткен.

    Мәжілісте сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты жағдайлар туралы азаматтардан келіп түскен өтініштердің бойынша Сенатор Т.Мадумаров, махалла мен нуранилерді қолдап-қуаттау министрінің орынбасары А.Турсунов жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, түскен өтініштер жедел түрде тексеріліп, кейбір өтініштер негізінде кейбір аумақтарда сайлау үдерісі заңға сәйкес уақытша тоқтатылып, жағдайларға анықтық енгізілгеннен соң қайта өткізілгенін айтып өтті.

    Мәжіліс соңында Сенат Кеңесінің «Азаматтар жиындары төрағаларын (ақсақалдарын) сайлау қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates