Жергілікті Кеңес депутатын дербестік құқығынан айыру практикасын талдау нәтижелері қаралды

    Сенатта «Жергілікті Кеңес депутатын дербестік құқығынан айыру практикасы» тақырыбында семинар өтті.

    Атап өткендей, халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң депутаттары тарапынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде заңдылық құжаттарында белгiленген тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болуда.

    Семинардың негізгі мақсаты – халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінде депутатты дербестік құқығынан айыру бойынша құқықты қолдау практикасын тәртіппен реттеу, орын алған проблемаларды, қателер мен кемшіліктерді жою, сол сияқты жағдайлардың алдағы уақытта орын алуына жол бермеу.

    Сондай-ақ семинар барысында прокуратура органдары жергілікті Кеңес депутатын дербестік құқұғынан айыру туралы ұсыныс енгізу, ұсынысты тұрақты комиссия мәжілісі мен Кеңес сессиясында талқылауда қандай мәселелерге назар аудару қажет екені және тағы басқа да кейбір мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Мұндай семинарларды өткізу жергілікті Кеңестер депутаттарын дербестік құқығынан айыру барысында іс жүзінде кездесіп жатқан кемшіліктерді жоюға, осы мәселеде заң үстемдігі мен заңдылықты қамтамасыз етуге, жергілікті Кеңес депутаттарының статусы туралы заң құжаттарының талаптарын сақтау сапасын одан әрі арттыруға қызмет етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates