Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау күшейтіледі

    Ағымдағы жылдың 15 ноябрінде Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің мәжілісі өтті.

    Оған Сенат мүшелері, Қарақалпақстан Республикасының Жоқорғы Кеңеси, халық депутаттарының облыстық және Ташкент қалалық Кеңестері тұрақты комиссияларының төрағалары, Комитет құзырындағы сараптамалық топтың мүшелері, тиісті министрлік пен кеңселердің жауаптылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Мәжілісте Сенаттың келесі жалпы жиынында талқыланатын мәселелер алдын ала қаралды. Атап айтқанда, «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғауға бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң талқыланды.

    Атап өткендей, қылмыстық-атқару тәжірибесін талдау және қоғаммен тікелей сұхбат нәтижелері сотталғандардың құқықы мен еркіндіктерінің кепілдіктерін күшейту, оларды ұстау жағдайларын одан әрі жақсартуға және халықаралық стандарттарға үйлестіру, сондай-ақ жазаны өту мекемелеріндегі еңбекке тартылған сотталғандарға ақылы төленетін жұмыс мерзімін олардың жалпы еңбек өтіліне қосу қажеттілігін көрсетеді.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 январдағы « 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстан стратегиясын бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Ішкі істер министрлігі тарапынан аталмыш Заң жобасы әзірленген еді.

    Заңмен «Азаматтардың мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына және Өзбекстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған тұлғалардың жалпы еңбек өтеліне істеген және әлеуметтік салықты төлеген кезеңін қосып есептеуді назарда тұтып, өзгерістер мен қосымшалар енгізуді көздейді.

    Заң бойынша бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған тұлғаның жазасын өтеу мекемелерінде жазаны өтеу кезеңінде атқарған кез келген жұмысы, егер осы жұмысты атқарған кезең үшін жазасын орындау мекемесі тарапынан әлеуметтік салық төлеген болса, жұмыс өтеліне қосып есептелуі, сондай-ақ сотталғандарды азаптау және басқа да қатыгездік жасау немесе кемсітетін мәміле жасау түрлерін қолдануға жол бермеу, соталушының сурдоаудармашы, сондай-ақ түрмедегі аудармашы қызметінен пайдалану құқы мен тұтқындарға қарсы тыныштандырушы кімдерді қолдану мүмкін еместігі қатаң белгіленді.

    Сенаторлардың айтуынша, Заңның қабылдануы сотталғандардың мекемеде істеген еңбек өтіліне жалпы жұмыс өтіліне қосу арқылы олардың алдағы уақытта зейнетақы алу мүмкіндігін жаратуға және ең негізгісі сотталғандардың түзелу жолына өткендігін белгілейтін қатаң өлшемдерді белгілеу арқылы олардың мінез-құлқын бағалаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы факторларын жоюға қызмет етеді.

    Талқылаулардан кейін қаралған мәселелер туралы Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Адщқпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates