Осыған орай, жалпы білім беру мекемелерінің басшы қызметкерлеріне (директор және оның орынбасарлары) және қызметін сағаттық төлем негізінде жүзеге асыратын оқытушыларға Ереженің 20-пункітіне сәйкес белгіленген ай сайынғы үстемеақы белгіленбейді.
Оқушылары Халықаралық математика, физика, химия, биология, информатика олимпиадаларында жеңімпаз атанған мектеп басшысы (директоры) бұған қоспағанда.
Бағалау әдістемесі мен тәртібін Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі бекітеді. Көрсеткіштерді жалпы білім беру мекемесінің Ішкі тобы бағалайды. Бағалау көрсеткіштері бойынша жалпы білім беру мекемесі жинаған балы негізінде, осы оқу орнының директоры және оның орынбасарларына төмендегі мөлшерлерде бір күнтізбе жыл (январь декабрь айлары) үшін базалық тариф ставкаларына қатысты әр айлық үстеме белгіленеді:
а) жалпы білім беру мекемелерінің директоры:
61-70 балл жинаса – 3 пайыз;
71-80 балл жнаса – 10 пайыз;
81-90 балл жинаса – 15 пайыз;
91-100 балл жинаса – 20 пайыз;
б) жалпы білім беру мекемелері директорының орынбасарларына: - 61-70 балл жинаған жағдайда 2,5 пайыз;
71-80 ұпай жинаса – 5 пайыз;
81-90 ұпай жинаса –7,5 пайыз;
91-100 балл жинаса – 10 пайыз.
Директорға немесе директордың орынбасарына белгіленген ай сайынғы үстемеақы қордағы бар қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. Ай сайынғы үстемеақыны белгілеу үшін директор немесе директордың орынбасарлары осы жалпы білім беру мекемесінде кемінде 9 ай барысында негізгі лауазымда жұмыс істеген болуы қажет.
Сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласындағы ең тәжірибелі жалпы орта білім беретін мекемелері директорларынан құралған Директорлар Кеңестерінде қызмет етіп жүрген жалпы орта білім беретін мекемесі директорларына қор есебінен базалық тарияф ставкаларына 20 пайыз әр айлық үстемеақы төленеді.

