Мойнаққа аумақтардан келіп жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге 200 пайыз үстемеақы төленуде

    Мойнақ ауданы Қарақалпақстан орталығынан 300 шақырымдай жерде орналасқан. Өңірде халық саны аз болғанымен, оларға медициналық көмек көрсету үшін тар сала мамандарына сұраныс жоғары.

    Сол себепті Мемлекет басшысының 2022 жылғы 17 майда қол қойған «Медициналық мекемелердің қызметкерлерін материалдық қолдап-қуаттау мен ынталандыруды күшейту іс-шаралары туралы» Жарлығында басқа аумақтадан Тахтакөпір, Шымбай, Қараөзек, Бозатау, Шоманай, Қоңырат адандарына барып істейтін дәрігерлердің әр айлық қызмет жалақысына 100 пайызы, Мойнақ ауданында 200 пайыз көлемінде қосымша үстемеақы төлеу белгіленген.

    – Мойнақта 6 емдеу-профилактикалық мекеме мен 2 махалла медициналық пункті жұмыс істейді, – дейді аудандық медицина бірлестігі басшысының орынбасары Жамила Давлетова. — Оларда жұмыс істейтін сала қызметкерлері саны 511 адам болса, соның 59-ы дәрігер. Осы мамандар арасында Президент Жарлығы негізінде өзге өңірлерден келіп жұмыс істеп жүрген 12 дәрігер бар.

    Мойнаққа көрші Хорезм облысынан, Самарқант, Ташкент, Ферғана, Әндіжан облыстарынан келіп істейтін дәрігерлер де бар.

    – Бұл жерге келгеніме 3 айдан асты, – дейді хорезмдік Зулхумор Рахимова. — Аудандық жедел жәрдем бөлімінің қабылдау бөлімінде терапевт-дәрігер болып жұмыс істеймін. Бір күнде орта есеппен 15-20 науқас жүгінеді. Олардың көпшілігі жоғары қан қысымы, асқазан-ішек және бүйрек аурулары бойынша шағымданады. Біз белгіленген стандарттар негізінде науқастардың денсаулығын жақсарту шараларын қараудамыз.

    Басқа аумақтардан келіп жұмыс істейтіндердің қатарында педиатр, анестезиолог-реаниматолог, хирург, уролог және терапевт сияқты мамандыққа ие дәрігерлер, олар мойнақтықтарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде жергілікті дәрігерлерге көмек беруде.