Еліміздің жастары ЕҚЫҰ академиясында білім алады

    Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қунғиротбой Шарипов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Өзбекстандағы жобаларының үйлестірушісі Антти Карттуненмен кездесті.

    Кездесуде мемлекет халқының 60 пайызын құрайтын жастардың еліміз үшін жоғары потенциал әлеует екені тілге тиек етіліп, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында орналасқан ЕҚЫҰ академиясына өзбек жастарын жұмылдыру мәселесі талқыланды.

    Тараптар университетаралық ынтымақтастықты, студенттер арасында заң үстемдігін насихаттауды, октябрь айында елімізде өтетін парламенттік сайлауды, аумақтық мәселелер бойынша бірлескен жұмыстарды, сондай-ақ, алдағы жоспарларды талқылады.

    – ЕҚЫҰ Өзбекстан үкіметін барлық бастамаларында қолдауға дайын, – деді Антти Карттунен.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс жүзіндік жұмыстарды жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates