Жабық түрдегі мекемелерде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету адам құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттырады

    Ташкент қаласында «Гендерлік жазаны орындау мекемелерін басқару стратегиялары: озық тәжірибе мен негізгі проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Шара Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы, ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы Жобаларының үйлестірушісі және Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмысты атқару департаментімен ынтымақтастықта 2023-2024 жылдары ЕҚЫҰ жобаларын Өзбекстан Республикасында жүзеге асыру бойынша бекітілген «Жол картасы» аясында ұйымдастырылды.

    Шарада жабық түрдегі мекемелердің басқаруында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, халықаралық тәжірибе мен озық жанасулардан пайдалану арқылы адам құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне басты назар аударылды. Сондай-ақ, Норвегия мен Өзбекстан арасындағы жабық мекемелер басқаруының болашағын талқылау мен саладағы бар проблемалар бойынша диалогты нығайтуға ерекше назар аударылды.

    Шараның ашылуында Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов, Өзбекстандағы ЕҚЫҰ-ның Жобаларының үйлестірушісі міндетін атқарушы Зилке Клёвер және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігі құзырындағы Жазаны орындау департаментінің маңызды тапсырмалар бойынша инспекторы Бурхонхужа Акромов сөз сөйледі.

    А.Саидов соңғы кездері сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін кеңейту арқылы жасаған қылмысына шын пейілмен пүшайманболуы және қоғамның лайықты өкілдері ретінде қалыптасуына қол жеткізіліп жатқанын баса айтты. Ол сотталғандарға сайлау, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру алу, кәсіп иелеу, білім және сапалы медициналық көмекке қол жеткізу сияқты құқықтар берілгеніне назар аударды.

    Сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты соңғы реформалар туралы сөз қозғағанда, заман талабына сай келмейтін 4 колония, соның ішінде «Тоштурма» және «Жаслиқ» колонияларының тарқатылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, азаттықтан мақұрым етуге байланысты болмаған жазалар қолданылған тұлғаларды салауатты әлеуметтік өмірге бағыттау мақсатында 2019 жылдың 1 январьдан бастап пробация қызметі жолға қойылды.

    Бүгінде еліміздегі жазаны өтеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар саны әр 100 мың тұрғынға шаққанда 68-ді құрайды. Бұл көрсеткіш Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасында ең төменгі деңгейде болып және адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген реформалардың нәтижесі.

    Өз кезегінде, З.Клевер Өзбекстанда адам құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ ол сотталғандардың құқықтары мен гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерді де ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ, дәл осы бағыттағы реформалардың ЕҚЫҰ тарапынан үнемі қолдау тауып, салаға озық халықаралық тәжірибені енгізудің маңыздылығына көңіл бөлді.

    Б.Акромов сотталғандарды әлеуметтік өмірге бейімдеу және олардың құқықтарын қорғау бойынша практикалық шаралар туралы ақпарат беріп, тергеу изоляторлары мен жабық түрдегі колонияларда адвокаттар үшін өз алдына 69 жеке бөлме құрылғанын айтты. Омбулсман мен Бизнес-омбудсман мұндай мекемелерге еш кедергісіз кіру мүмкіндігіне иеболғаны айтылды.

    Шара барысында саладағы шетелдік тәжірибе де талқыланды. Бредтвейт түрмесінің және тергеу изоляторының басшысы Дорис Баккен әйелдер түрмелерін басқару бойынша Норвегия тәжірибесін ұсынды.

    Д.Баккен әйелдерге арналған гендерлік-сезгір қызметтер, дайындық бағдарламалары және денсаулық сақтау қызметтері сияқты элементтер қалай әйелдерді түрмеден соң әлеуметтік өмірге сәтті қайтаруға көмек беруді түсіндірді. Норвегиядағы әйелдер түрмесінде жүзеге асырылып жатқан шаралар, оқыту және кеңес беру үдерістерінің маңыздылығы мен тиімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

    Сонымен қатар, дөңгелек үстел сұхбатта жазаны өтеу колониясының басшысы Гүлрух Каримова Өзбекстандағы әйелдер түрмелерін басқару саясаты, тәжірибесі және проблемалары туралы тұсаукесер өткізді. Ол әйелдер түрмелерінде құрылған білім беру, кәсіп иелеу, психологиялық көмек беру мүмкіндіктері және оңалту бағдарламалары туралы айтып, орын алып отырған проблемалар мен оларды жою бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы да толық тоқталды.

    Талқылауға Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық директорының орынбасары Дильноза Муратова, Халықаралық жазаны өтеу қорының өкілі, түрмелерді реформалау және адам құқықтары бойынша халықаралық кеңесші Азамат Шамбилов сынды сарапшылар қатысты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates