Елімізде алғаш рет Тұрақты даму мақсаттарының айлығы өтуде

    Ел назарында 8 Noyabr 2023 1959

    Осы жылдың ноябрь айында Олий Мажлис Палаталары тарапынан Министрлер Кабинетімен және халықаралық ұйымдармен бірге еліміздің тарихында алғаш рет Тұрақты даму мақсаттары айлығын өткізуді жоспарлауда.

    Бұл айлықты өткізудегі мақсат – елімізді тұрақты дамыту саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуында парламенттік бақылауды жүзеге асыру, осы мәселеде үкіметке көмек көрсету, халықтың хабардарлық деңгейін арттыру, даму мақсаттарына қол жеткізуде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мақсаттардың «Өзбекстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылуы белгіленген реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

    Егер сандарға назар аударатын болсақ, әрбір ұлттық мақсат бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен 24 іс-шара ұйымдастырылады, онда ұлттық мақсаттармен бірге БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси апталығы аясында өткізілген шараларда талқыланған өзекті мәселелер қарастырылады.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2022 жылдың 14 декабрінде қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуде парламенттердің рөлін күшейту туралы» резолюцияның және ұлттық мақсаттар аясында жүргізілген реформалар мән-мазмұнын насихаттауға арналған брифинг пен баспасөз конференциялары ұйымдастырылады.

    Айлық шеңберінде Ташкент қаласында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі ІІ Жаһандық форум да өткізіледі.

    Жалпы алғанда, Тұрақты даму мақсаттары айлығы мен ІІ Жаһандық форум барысында шет мемлекеттердің парламенттері, парламентаралық ұйымдардың басшылары мен мүшелері, жастар парламенттері, мемлекеттік органдар, халықаралық және беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар, БАҚ өкілдері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сарапшылары (жалпы 500-ден астам) дәстүрлі және онлайн түрде қатысуы күтілуде.

    Сондай-ақ Азаматтық қоғам институттары тарапынан ұлттық мақсаттарды талқылауға арналған қоғамдық тыңдаушылары жүргізілуі жоспарлануда.

    Тұрақты даму мақсаттары айлығының өтуі нəтижесінде Өзбекстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуде парламенттердің рөлін күшейту туралы» резолюциясының, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында және Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесу кездесуінде алға тартылған бастамаларының мазмұны мен ерекшелігі әлемдік қоғамдастықпен талқыланып,насихатталатын болады және осы арқылы Өзбекстанның халықаралық деңгейдегі оң имиджін нығайтады.

    Сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі парламентаралық ынтымақтастық туралы Ташкент коммюникесі қабылданады.

    Сонымен қатар, елімізде жұмыс істейтін беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың бастамасымен алға қойылған Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы жобасы әзірленіп, БҰҰ-ға жіберу жоспарлануда.

    Бұл шаралар мен оның аясында әзірленген құжаттар еліміздің Тұрақты даму мақсаттары рейтингіндегі орнын одан әрі жақсартуға қызмет ететінін атап өту керек, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates