Талқылау кезінде атап өтілгендей,  сенаторлар жүзеге асырылған істерге қарамастан,   атқарушы құжаттардың атқарылуын қамтамасыз етуде кейбір кемшіліктер сақталып жатқанын, осы салада тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін  тілге тиек етті.

Атап айтқанда,  атқарушы құжат бойынша борышкер өндірілуі қажет болған қарыздарлықты уақытында төлемесе, Мәжбүрлеу  атқару бюросы борышкерге әкімшілік айыппұл салуы, осы айыппұлдың мөлшері Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске орай азаматтарға қатысты 300 мың сумнан 1,5 миллион сумға дейін, лауазымды тұлғаларға қатысты 1,5 миллион сумнан 3 миллион сумға дейін  заңда бекітілген.

Сенаторлар, егер борышкер төлеуге тиісті қарыздарлық сомасы айыппұлдың ең төменгі мөлшерінен аз болса да, қарызға қатысты жоғары мөлшердегі айыппұл салу әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының бұзылуына, ал бұл борышкерлердің  наразылығына себеп болып жатқанына және аталмыш жағдай табиғи түрде азаматтың төлем қабілетіне кері әсер көрсеткеніне ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, қолданылған айыппұлдың мөлшері атқарушы құжатта өндірілуі көрсетілген мөлшерден жоғары болмауы туралы норма енгізілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 1981-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік  құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік жазасын қолдануға бұдан былай Өзбекстан Республикасының Бас мемлекеттік атқарушысы, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласының бас мемлекеттік атқарушылары, олардың орынбасарлары, сондай-ақ Мәжбүрлі атқару бюросының аудандық (қалалық) бөлімдерінің бастықтарының құқығы бар екені белгіленеді.

Заңды сенаторлар мақұлдады.