Онда қатысушылар төлем жүйелері, қаржылық технологиялар мен киберқауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Өзбекстан Орталық банкінің қызметкерлері кездесу аясында «Suptech және Regtech» тақырыбына арналған тұсаукесер өткізді. Тұсаукесер барысында бақылау және реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыруда озық технологияларды қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, біздің өкілдер «Киберқауіпсіздіктің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Онда цифрлы қауіп-қатерлердің күшейген жағдайында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету деректері мен ақпараттық жүйелерді қорғауда маңызды екені көрсетілді.
Шарада Әзербайжанның төлем өнеркәсібіндегі соңғы тенденциялар, Қазақстан мысалында Open API және Open Banking жүйесін енгізу, Қырғызстан Республикасының төлем жүйесін цифрландыру, Орталық банктерде цифрлық валюталарды ((CBDCs) дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар FinTechs қызметін құқықтық реттеу және Әзербайжанда ашық банкингті енгізу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, Орталық банктер арасында киберқауіпсіздік бойынша ақпаратымен алмасуға, ішкі карточкалық инфрақұрылымды орталықтандыруға, жедел төлем жүйелері мен қашықтан және трансшекаралық идентификация жүйелерін біріктіруге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар төлем қызметтерін жеткіпберушілердің қызметін реттеудің ерекше жақтары талқыланды.
Бұл шара аймақтағы заманалық қаржылық технологияларды дамыту үшін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудың маңызды платформасына айналды. Онда қатысушылар төлем жүйелерін дамыту мен интеграциялаудың біріккен стратегияларды әзірледі және орталық банктер арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды жалғастыру туралы келісімдер жасады, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.