Орталық Азиядағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жобасы АҚШ-тың Сауда министрлігі мен Мемлекеттік департаментімен бірге ұйымдастырылған. Ол аймақтағы әйелдер тарапынан басқарылатын бизнес пен кәсіпкерлік жобаларды қолдап-қуаттауға және электронды сауданы дамытуға бағытталған.
Шарада Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің мүшесі, Жанұя және әйелдер мемлекеттік комитетінің, Әділет министрлігінің, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің, Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің, Жобаларды басқару ұлттық агенттігі, Мемлекеттік статистика комитетінің жауапты қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ елімізде «электрондық үкімет» және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағыттарында жүзеге асырылған істер туралы тұсаукесермен қатысты.
Сұхбат барысында көбірек мемлекеттік қызметтерді онлайн орналастыруға үндеу және әйелдерді ресми экономикаға белсенді жұмылдыратын дәлелдерге негізделген саясаттың даярлануын ынталандыру, бизнесті тіркеуге алу бойынша мемлекеттік қызметтерді оңтайландыратын озық тәжірибелер талқыланды.
Жеке сектор мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы диалогты жаңа деңгейге көтеру, ынталандыру және нығайту, аймақтағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге кедергі келтіретін белгілі бір үстем бағыттардағы нақты мәселелерді көтеру мүмкіндіктері қаралды.
Шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттерінің әділет, статистика және гендерлік мәселелерге жауапты өкілдері де тұсаукесерлерін жасады.
Қатысушы елдер талқылаған мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жұмысшы топ жұмысын 15 март күні де жалғастырады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.