Келіссөздер барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылғы 25 январь күні өткен Орталық Азия елдері мен Қытай басшыларының онлайн -саммитінде алға қойылған бастамаларды жүзеге асыру жолдары жан-жақты қаралды.
Министрлер саяси диалог, тұрақты даму, сауда-экономикалық, инвестиция, қаржы, ғылыми- техникалық, көлік және коммуникация, су-энергетика, ақпараттық технологиялары, экология, мәдениет, гуманитарлық және жасыл энергетика көздері салалардағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша іс-әрекеттерді жалғастыруды бекітті.
Олар аймақты қауіпсіздік, өзара тиімді, тұрақты және инклюзивті серіктестік кеңістігіне айналдыру мақсатында Орталық Азия мен Қытайдың барлық әлеуетінен пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қатысушылары Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын жасау және қабылдау туралы бастамасын қолдап-қуаттады.
Тараптар Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге көмектесу, оның ішінде халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастық жасау мәселелрі туралы пікір алмасты. Ауғанстанда азаматтар тыныштығы мен татулығына көмекесу, гуманитарлық дағдарысты мүмкіндігі барынша тезірек еңсеруге және осы елдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге, оның әлемдік экономикалық қатынастарға араласуына барлық тараптар бірдей мүдделі екені айтылды.
Әуе қатынасын қалпына келтіруге, азаматтық тасымалдау үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға, жолаушылар рейсін кезең-кезеңімен қалпына келтіруге, жүктер мен туристер ағынын арттыруға, «жылдам» және «жасыл» дәліздерді және мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
В.Норов Өзбекстан Республикасы Президентінің үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, трансаумақтық логистикалық желілерді дамытуға және тасымалдау инфрақұрылымы жобаларын жүзеге асыруға бағытталған Транспорт байланыстарын дамыту бойынша Орталық Азия мен Қытайдың көлік қатынасын дамыту бойынша Үйлестіру кеңесін құру туралы бастамасын қолдауға шақырды.
Шараның нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме, 2022-2025 жылдарға Аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша «Жол картасы», Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара байланыс саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бастамасы және Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара ынтымақтастық бойынша бастама қабыланды.