Соңғы төрт жылда автокөлік өндірісі 1,8 есе, өнеркәсіп экспорты 2,7 есе өсті. Шетелдік компаниялардың қатысуымен жаңа кәсіпорындар құрылып, 2600 түрлі құрамдас бөліктер шығару жолған қойылған.
«UzAuto Motors» компаниясы «Fitch Ratings» және «Standard & Poor's» халықаралық агенттіктерінің «тұрақты» несие рейтингі алынып, әлемдік қаржы нарықтарында алғаш рет еурооблигацияларға 300 миллион доллар орналастырды.
Алайда бұл желі әлі де тұтынушылық сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр.
Сондықтан Даму стратегиясында автомобиль өнеркәсібіндегі кооперацияны одан әрі дамыту арқылы өндірісті 1,4 есеге, экспортты 2 есеге және көбейту және жергіліктендіру деңгейін арттыру міндеті қойылған.
Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына назар аударды.
Автокөліктер үшін алдын ала төлемді 85 пайыздан 50 пайызға дейін төмендетіп 1 мамырға дейін, көлік сатып алу кезегін толығымен жоюды тапсырды. Қазіргі уақытта кезекте тұрған сатып алушыларға көліктің нақты жеткізілетін күні хабарланады.
Ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін бірінші жартыжылдықта 160 мың, жыл соңына дейін 275 мың автокөлік шығару қажет.
Нарықтағы ұсынысты ұлғайтып, халықтың таңдау мүмкіндігін беру үшін үкіметке сырттан әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы мөлшерлемесін екі есеге төмендетуді тапсырылды.
Биыл 23 жоба бойынша 600 түрлі құрамдас бөліктер шығару жоспарлануда. Нәтижесінде жергіліктендіру көрсеткіші 48 пайыздан 56 пайызға дейін өседі. Сондай-ақ 336 миллион доллар инвестициямен екі жаңа көлік үлгісі мен заманауи қозғалтқыштың өндірісі жолға қойылады.
Саланың экспорттық жоспарларына назар аудара отырып, бұл жоспарлар қолда бар мүмкіндіктерден аз екенін атап өткен Президент жаңа нарықтарға шығу бойынша ұсыныстар берді. Атап айтқанда, негізгі бөлшек сауда желілері арқылы компоненттерді сатуды кеңейту арқылы 2022 жылы экспортты кемінде 500 миллион долларға жетуі мүмкін екендігі айтылды.
Мемлекет басшысы машина жасау саласын индустриялық кластер түрінде дамыту қажеттігін айтты. Бұл жүйе «инжиниринг – құрамдас бөліктер – дайын өнім – сату және қызмет көрсету» тізбегін қамтиды. 8 машина жасау кәсіпорнын, 300-ден астам жинақтауыш өндірушілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы логистика, сауда және қызмет көрсету желілерін, Турин политехникалық институтын және Әндіжан машина жасау институтын біріктіреді.
Осыдан үйлестіре келе үкіметке «Ұлттық машина жасау кластері» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Қазіргі кезде әлемде электромобильдер өндірісі қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. 2021 жылы мұндай автокөліктердің көлік нарығындағы үлесі екі есеге артқан.
Президент бұл салада қалып қоймау үшін қазірден бастап әрекет ету керектігін айтты. Осыған байланысты техникалық талаптар мен стандарттарды, локализация мәселелерін ескере отырып, электрлі көліктер желісін дамыту стратегиясын әзірлеу тапсырмасы берілді.
Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығы техникасы да сөз болды. Осы бағытта Шыршық қаласында кластер құру жоспарлануда. Ол үшін бюджеттен 100 миллиард сум бөлінген. «Технолог» және «Агрегат» зауыттарынан құрал-жабдықтарды Шыршыққа көшіру басталған.
Бұл кластерді 2023 жылдан бастап толық іске қосудың маңыздылығы айтылды. 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді екі есеге арттыруға, олардың өзіндік құнын 12 пайызға арзандатып, экспортты 15 миллион долларға жеткізу мүмкіндігі бар екені сөз болды.