Шараға ТМД елдерінің дипломатиялық корпустарының басшылары мен өкілдері, сарапшылар мен талдаушылар, Ресейдің БАҚ өкілдері қатысты.
Өзбекстан Елшісі Ботиржон Асадов жиналғандарды 2024 жылдың 26 июлінде басталған сайлауалды ннауқанының барысы туралы мәлімет берді. Сайлау үдерісіне 30 мыңға жуық кандидат пен олардың 90 мыңға жуық сенімді өкілдері, 120 мыңнан астам сайлау комиссияларының мүшелері, 70 мыңнан астам жергілікті және халықаралық байқаушылар белсенді қатысады деп күтілетіні атап өтілді.
Шарада ТМД Бас хатшысы, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының депутаттарын сайлауыбойынша ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев баяндама жасады. Оның айтуынша мерзімінен бұрын дауыс беру 16 октябрьден басталады. ТМД бақылаушылары мерзімінен бұрын дауыс беру үдерісін бақылау үшін сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.
— Достастыққа мүше елдеріндегі сияқты Өзбекстанда да соңғы жылдары сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасы жақсарып келеді, — деді ол. – ТМД елдерінде, соның ішінде Өзбекстанда сайлау үдерісін ұйымдастыруды реттейтін кодекстер мен заңдар жалпыға бірдей мойындалған демократиялық стандарттарға жақын ғана емес, көп жағынан олардан асып түседі.
ТМД Атқару комитетінің өкілдері парламенттік сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысуға қызу дайындалып жатқаны айтылды. Сондай-ақ Бас хатшы еліміздің сайлау жүйесінің жаңалықтарымен тағы бір рет танысуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді.
Соңында шара қатысушыларына Даму стратегиясы орталығы дайындаған «Өзбекстан: саяси реформалар және сайлау – 2024» брошюралары, сондай-ақ Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы ұсынған бейнефильмдер көрсетілді, деп хабарлайды «Дүнё». «А.А.